ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АВТОТАСЫМАЛ МӘСЕЛЕСІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМІ
Модератор: Сайран Медеров, Қазақстан Республикасы ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаушылардың ұлттық қауымдастығы (HeavyTrans) атқарушы директоры.
Негізгі тақырыптар:- Аймақтағы жол-көлік инфрақұрылымының шектеулері мен жол сапасының ахуалы;
- Кедендік және құқықтық тосқауылдар: талаптарды үйлестіру және электронды декларациялау тетіктері;
- Кадр мәселесі: білікті жүргізушілердің жетіспеушілігі және саладағы мамандар даярлығы;
- Автокөлік тасымалын қадағалауға арналған цифрлық платформалар (IoT, трекинг жүйелері, электронды жүкқұжаттар);
- Блокчейн мен жасанды интеллекті және мобильді қосымшаларды логистика саласына енгізудің сәтті тәжірибелері.
Спикерлер:Қайсар Мәжитов, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің цифрландыру басқармасы
Дәулет Аспанбетов, PhD докторы, "ICG" ЖШС-нің ҒЗТКЖ жөніндегі директоры, "Жол Қауіпсіздігі Аудиторлары" ҚБ төрағасы, халықаралық аккредиттелген сарапшы
Марат Назаров, “TransExpeditions” ЖШС-нің бас директоры, «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ (келісу сатысында)
Асель Садыкова, Қазақстан Автокөлік тасымалдаушылары мен экспедиторлар одағының Басқарма төрайымы
Екатерина Мищенко, AVI Trans Logistics компаниясының негізін қалаушысы және басшысы (жүк жүргізушілеріне арналған стартап)
Артём Васильченко, SKAI компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі