10 – 12
маусым 2026
Көрме туралы
Қазақстан мен Орталық Азиядағы жүк және коммерциялық көлік, жол-құрылыс техникасы және автобустарға арналған жетекші көрме, аймақтағы коммерциялық көлік саласындағы басты оқиға. Бұл жаңа өнімдер, технологиялар және шешімдерді таныстыруға арналған негізгі B2B платформасы
Біздің қатысушылар
Komtrans + BUSexpo Astana көрмесіне Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің компаниялары, сондай-ақ шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер қатысады. Олар коммерциялық көлік, автобустар, арнайы және жол-құрылыс техникасы, сондай-ақ коммерциялық көлікті техникалық қызмет көрсетуге арналған автокөлік бөлшектері, компоненттер, жабдықтар мен қызметтерді ұсынады.
Қатысушылар Орталық Азия нарығында өз өнімдерін тиімді ілгерілетуді және жаңа серіктестер тартуды мақсат етеді.
Қатысудың артықшылықтары
Komtrans + BUSexpo Astana көрмесіне қатысу сізге келесі мүмкіндіктер береді:

  • Өнімдеріңізді саланың кәсіби мамандарына таныстырып, сатылым көлемін арттыру
·Жаңа іскерлік байланыстар орнату арқылы техникаңыздың сату географиясын кеңейту – Қазақстан, Орталық Азия елдері және Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлеріндегі автотасымалдау компанияларымен ынтымақтастық орнату
  • ·Жаңа клиенттерді, жеткізушілерді, дистрибьюторлар мен серіктестерді тарту
Көрмеге келушілер
Komtrans + BUSexpo Astana көрмесіне келушілердің негізгі топтары :

  • автопарк операторлары
  • автотехника және қосалқы бөлшектер дилерлері
  • автосервистік ұйымдар
  • құрылыс компаниялары және ТКШ операторлары
  • коммерциялық көлік жүргізушілері
Неліктен көрмеге келу керек?
Қысқа мерзімде және бір алаңда сіз мыналарды жасай аласыз:
  • Коммерциялық автотехника, қосалқы бөлшектер және компоненттердің кең ассортиментімен танысу – автопаркіңізге, құрылыс немесе коммуналдық кәсіпорынға ең тиімді шешімді анықтау.
  • Ең үздік ұсыныстарды тікелей өндірушілерден алу – делдалсыз, қосымша шығынсыз.
  • Ұсыныстарды салыстырып, ең тиімдісін таңдау – бизнесіңіз үшін оңтайлы шешім қабылдау.
  • Автокөліктер, қосалқы бөлшектер және компоненттер ассортиментін жаңарту және кеңейту – клиенттерге ең үздік өнімдерді ұсыну.
  • Кәсіби пікір қалыптастыру және біліктілікті арттыру – ұсынылған техника үлгілерінің басқару ыңғайлылығы, техникалық сипаттамалары мен эргономикасын бағалап, әріптестеріңізбен пікір алмасу.
Фоторепортаж 2025
Бізді әлеуметтік желілерден табыңыз
Көрмені ұйымдастырушы
Business Media Central Asia
Тел: +7 (717) 264-22-10
info@bmca.kz
https://bmca.kz/