Kөрмесінің жаңалықтары

Allur Distribution — Komtrans Astana + BUSexpo Astana 2025 көрмесіне қатысушылар қатарында

Komtrans Astana + BUSexpo Astana 2025 көрмесі Қазақстанның автоөнеркәсібіндегі көшбасшылардың бірі — «Allur Distribution» ЖШС компаниясын қатысушылар қатарында қарсы алуға қуанышты.

Allur – бұл 21 жылдан астам табысты жұмыс тәжірибесі мен Chevrolet, Kia, JAC, Jetour, Skoda және Hongqi сынды халықаралық брендтермен серіктестік. Компания Chevrolet маркасын Қазақстандағы сатылым көшбасшыларының қатарына шығарды, Kia позициясын нығайтты және 2023 жылы «жылдың өңірлік дистрибьюторы» атағына ие болды.

Бүгінде Allur Distribution мыналарды қамтиды:

  • Қазақстан бойынша 80-нен астам дилер,
  • Астана мен Алматы қалаларындағы жеке дилерлік орталықтар,
  • Allur Finance және Allur Trade-In қызметтері.

Komtrans Astana + BUSexpo Astana 2025 аясында Allur стендінде келесі арнайы техника үлгілері ұсынылады:

  • JAC N56 АГП – автогидроподъемник,
  • JAC N56 эвакуаторы,
  • JAC N56 балмұздақ тасымалдаушы көлік,
  • JAC T6 – эвакуатор немесе жедел жәрдем көлігі (АСМП),
  • JAC SUNRAY – кинолог көлігі немесе автокухня.

Бұл үлгілер Қазақстан нарығына бейімделген JAC коммерциялық және арнайы техникаларының мүмкіндіктерін көрсетеді.

📅 2025 жылғы 25–27 маусым

📍 «EXPO» ХҚО, Астана

Көліктік индустриядағы маңызды оқиғаны жіберіп алмаңыз – тіркелу ашық!