Kөрмесінің жаңалықтары

Komtrans + BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology ASTANA 2025 көрмелеріне қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз!

2025 жылғы 25–27 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында екі ірі салалық оқиға — Komtrans + BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology ASTANA сәтті өтті.

Көрмелер коммерциялық көлік пен құрылыс техникасының дамуына деген жоғары қызығушылықты көрсете отырып, өндірушілерді, жеткізушілерді, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдерін бір алаңға біріктірді.

2025 жылғы негізгі сандар:

— 2 899 кәсіби келуші

— 5 ел мен өңірден келген 230 қатысушы

— 8 775+ м² көрме алаңы

— 300+ B2B кездесулер (мэтчмейкинг арқылы)

— 4 мазмұнды іскерлік сессия

— 32 сарапшы-спикер

— 14 елден келген келушілер

25 маусым күні EXPO көрме орталығының холлында өткен ресми ашылу салтанатына құрметті қонақтардың қатысуы іс-шараның маңызын арттырды:

  • Ластаев Талғат Тлеубекұлы — ҚР Көлік вице-министрі
  • Дубирова Жаннат Балғабайқызы — ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі
  • Нусупов Асет Ілиясұлы — ҚР Сауда және интеграция вице-министрі
  • Амрин Мұрат Амангелдіұлы — "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары
  • Әлмагамбетов Қанат Есмуқанұлы — KAZLOGISTICS бас директоры
  • Садыкова Әсел Амантайқызы — ҚР Автокөлік тасымалдаушылар және экспедиторлар одағының төрайымы
  • Мұқаев Ербол Оразғалиұлы — CILT Central Asia бас хатшысы
  • Лакисов Валерий Витальевич — Қазақстан құрылысшылар одағы президиум төрағасының орынбасары
  • Рахимберлин Алмас Мейіржанович — "QazExpoCongress" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
  • Ойген Аллес және Майкл Йоханнес — Messe Frankfurt
  • Малик Ануар — BMCA Қазақстан директоры
  • Құсбеков Олжас Хайруллаұлы — ҚР Мәжіліс депутаты
  • Кобесов Қанат Керімұлы — "KazGrain" Астық экспорттаушылар одағы директорлар кеңесінің төрағасы
  • Нұрлан Құлбатыров — QazTrade басқарушы директоры

Біз барлық қатысушыларға, серіктестерге және келушілерге шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің сенімдеріңіз бен белсенді қатысуларыңыз көрмені бизнес, салалық ынтымақтастық пен халықаралық серіктестік үшін тиімді алаңға айналдырады.

2026 жылы кездескенше!

Алда — жаңа идеялар, жаңа ауқымдар, жаңа мүмкіндіктер.