Kөрмесінің жаңалықтары

Komtrans + BUSexpo Astana 2025 көрмесіне шақырамыз: Негізгі назарда – саланың жетекші сарапшылары мен іскерлік бағдарлама

2025 жылғы 25–27 маусым аралығында Астанадағы EXPO Халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы ең ірі көлік саласының оқиғасы — Komtrans + BUSexpo Astana 2025 көрмесі өтеді. Бұл шара коммерциялық және жолаушылар көлігі саласындағы көшбасшыларды, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтар мен бизнестің өкілдерін біріктіреді.

Биылғы жылы ерекше көңіл іскерлік бағдарламаға бөлінген, ол саланы дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу, пікірталас пен шешім қабылдау алаңына айналады.

Конференцияның басты тақырыптары:

  • Ғаламдық тұрақсыздық жағдайында логистикалық дәліздерді дамыту
  • Орталық Азиядағы автотасымалдау кедергілері мен цифрлық шешімдер
  • Аймақтың көлік интеграциясының болашағы
  • Логистикалық процестердің цифрландырылуы және болашақ инфрақұрылымы
  • Саланың кадрлық қамтамасыз етілуі: білім беруден кәсіпке дейін
  • Мемлекеттік қолдау шаралары және жүк автопаркін жаңарту

Спикерлер мен қатысушылар қатарында:

  • Нұрлан Құлбатыров, «QazTrade» АҚ Бас директоры
  • Бахтиёр Файзиев, ЕҚДБ-ның Тұрақты инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары
  • Қуанған Ержан Қуанғанұлы, «Қазақстандық Вагон жасау компаниясы» ЖШС Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
  • Әсел Садыкова, Автокөлік тасымалдаушылары одағының Басқарма төрайымы
  • Арман Әлжанов, Жүк автокөлігінің жүргізушілері мен иелерінің Республикалық қауымдастығының вице-президенті
  • Екатерина Мищенко, AVI Trans Logistics стартапының басшысы
  • Марат Назаров, “TransExpeditions” ЖШС Бас директоры
  • Асылхан Зикенов, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Аймақтық жобалық дирекциясының басшысы
  • Гүлден Закирбекова, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілі
  • ҚР Көлік министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, «Парыз» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері

Іскерлік бағдарлама көлік және логистика саласының ең өзекті мәселелерін қамтиды және саланы дамытуға арналған практикалық құралдарды ұсынады.

Қазақстан көлік жүйесінің болашағын қалыптастырып жатқан кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!