Kөрмесінің жаңалықтары

Кері санау басталды: саланың басты оқиғасына дайындық жүріп жатыр!

25–27 маусым күндері Астанада көлік және құрылыс саласындағы ең маңызды оқиға өтеді — Komtrans + BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025. Екі ірі халықаралық көрме бір алаңда бірігіп, Қазақстан мен шетелдің жетекші компанияларын, сарапшыларын, өндірушілерін және сатып алушыларын жинайды.

·Қазақстан, Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және басқа елдерден келген 225 компания

·7 000 м² астам жұмыс істеп тұрған техника мен инновациялық шешімдер

·Ретро коммерциялық көлік экспозициясы — болашақ индустрияға шабыт беретін аңызға айналған машиналар

Көрменің негізгі қатысушылары:

Komtrans + BUSexpo Astana: Allur, FAW, Kamaz, QAZTEHNA, Вираж, Halyk Leasing, BCC Leasing, SmartTrucks, HOWO және басқа да нарық көшбасшылары

ECT Astana: BPW, LUI GONG, SDLG (Sevalo), Trailer-Group, SHACMAN және т.б.

Қатысушылар тізімі сілтеме арқылы қолжетімді:

exhibitors-list-2025

Іскерлік бағдарлама

Үш күндік іскерлік бағдарлама бизнесті дамытуға арналған нақты құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

·Қаржылық институттар ұсынған мемлекеттік қолдау мен лизинг шешімдері туралы өзекті ақпарат

·Автопарктерді жаңарту, көлікті цифрландыру және логистиканы дамыту бойынша сессиялар

·Салалық министрліктер өкілдерімен кездесулер

Тегін билет алыңыз:

Көрмеге тіркелу

Бір сапар — ондаған жаңа серіктестер, шешімдер мен мүмкіндіктер

Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық көлік және құрылыс техникасы саласындағы ең маңызды оқиғаны жіберіп алмаңыз.
2025-06-17 10:50