Көрмеге қатысушылар қатарына Қазақстандағы КАМАЗ автотехникасын өндіруші ресми зауыт — «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ қосылғанын қуана хабарлаймыз.
2025-05-14 15:06
Көрмеге қатысушылар қатарына Қазақстандағы КАМАЗ автотехникасын өндіруші ресми зауыт — «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ қосылғанын қуана хабарлаймыз.
«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ – Қазақстан Республикасындағы ауыр жүк көліктерін өндіретін техникалық жабдықталған жетекші зауыттардың бірі. Компания өз қызметі барысында Ресей, Қазақстан және Еуропа елдерінің өндірушілерімен ынтымақтастық орнату арқылы өнім желісін кеңейтіп келеді. Уақыт сынынан өткен сенімділік, Қазақстан жағдайына бейімделген үлгілер және клиенттерге жан-жақты көзқарас — мұның бәрі КАМАЗ-ды коммерциялық және арнайы техникалар нарығындағы жетекші ойыншылардың біріне айналдырады.
Компания стендінде келушілер:
Жаңа буындағы КАМАЗ жүк көліктерімен – КАМАЗ-54902 және КАМАЗ-65659 тартқыштарымен таныса алады;
Зауыт мамандарынан кеңес ала алады;
Ынтымақтастық шарттары, лизингтік және сервис бағдарламалары жайлы біле алады.
Бұл — коммерциялық көліктер, жол-құрылыс техникасы және автобустар саласындағы заманауи шешімдерді бір алаңда көруге және жетекші бренд өкілдерімен тікелей жүздесуге бірегей мүмкіндік.
Жаңалықтардан қалыс қалмаңыз және Қазақстан мен Орталық Азиядағы саланың басты оқиғасына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!